Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай билігі мұсылмандардың азанының сөзін өзгертіп тастаған (фото)

Қытай үкіметі жергілікті мұсылман діні өкілдеріне қысым жасап, қатаң бақылауға алғандығы туралы бірнеше дүркін жаздық. Әсіресе, қазақ имамдары мен шәкірттерін түрмеге қамап, тергеуге алып жатқандығы тағы рас.

20371126_2034733820079904_224660706_n-1000x700

Кешелі-бері бір сұмдық ақпар әлеуметтік желіге тарады, деп жазады Abai.kz.

Қытай билігі Азан мен тәкпірді өзгертіпті. Тәспіх пен дұғаны да реформалды.

Азан мәтінін өзгерткен Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Хотан аймағының басшылығы екен. Әлеуметтік желіден жеткен мәтіннің қазақ тіліндегі аудармасы мен мазмұны Қытай билігін дәріптеуге бағытталыпты.

20371126_2034733820079904_224660706_n

Азан:

Біз Отанның перзентіміз,

Біз Отанның перзентіміз.

Отанымыз – Ұлы,

Отанымыз – Ұлы,

Отанымыз – Ұлы.

Намаз уақыты келді,

Тілек тілеуге келіңіздер!

Отанымыздың бейбіт-беркелі болуын тілейік!

Отанымыздың гүлденіп, дамуын тілейік!

Қосымша: Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында “мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған” оншақты этникалық қазақ тұтқындалды.

Қытайдың Шыңжаң өлкесінің жергілікті үкіметі аяқ-астынан  бұйрық шығарып, отанға оралғысы келген қазақтардың қолындағы шетелге шығуға арналған заңды төлқұжаттарын тартып алып бермей отыр екен. Ал жаңадан өтініш бергендерге төлқұжат жасап бермей, олардың Қазақстанға көшуіне ашық кедергі жасап отыр.

Тіпті Whats App, WeChat әлеуметтік желілері арқылы Қазақстандағы туыстарымен хат-хабар алмасып, көші-қон мәселесін талқылағаны үшін тергеуге алынып, сотталып жатқандары да бар дейді. Оның ішінде кейбірі бұл қамаудан аман қалмай, туыстарына «өз-өзіне қол жұмсады» деген себеппен мәйіттері тапсырылып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Он саусағынан да айырылған қызылордалық тігін тігіп, ау тоқиды (фото)

Атырау көшелерінде жатыпішерлер жайлы әлеуметтік жарнамалар пайда болды (фото)

Азаматтар медициналық сақтандыруға салым салғанда қандай қателік жібереді?

Талқылау