Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай азаматы сүйіктісіне ақшадан жасалған гүл шоғын сыйлаймын деп, заңды бұзды

Қытайда ер адам сүйіктісіне банкноттардан жасалған үлкен гүл шоғын сыйлады. Сүйіктісін осылай таңғалдырғысы келген азаматты енді заңға байланысты қиындықтар күтіп тұр.

Қытай азаматы сүйіктісіне ақшадан жасалған гүл шоғын сыйлаймын деп, заңды бұзды

Бұл туралы Asia One порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қытайдағы Чунцин қаласының тұрғыны сүйіктісінің туған күніне жалпы құны 334 мың юань, яғни 16 917 305,2 теңге болатын ақшадан жасалған гүл шоғын сыйлаған. Мерекелік кеште болған қонақтардың бірі банкноттан жасалған гүлді жеті флорист он сағат бойы жасаған дейді.

«Ол дос қызын қатты жақсы көреді және оның отбасында ақша көп», – деді ол.

Дегенмен, Қытай Халық банкінің қызметкері отандастарының романтикалық әрекетін ұнатпады. Сондай-ақ, ол ғашық жігіттің ұлттық валютаға қасақана зиян келтіргені үшін жауапқа тартылып, соттауы мүмкін екендігін айтты.

«Бұған тыйым салынған, себебі адамдар валютаны (юаньды) бағалаулары керек. Махаббатын білдірудің көптеген жолдары бар, бірақ ешкім заңды бұзбауы тиіс», – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, гүл шоғын дайындау кезінде банкноталарға зақым келгені, келмегені әзірше белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Мамыр, 2018 16:06
Талқылау