Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай азаматшасына ғашық болған қазақ жігіті сүйгенінен 5 жылға айырылды

ҚР ішкі істер министрлігі сүйген жары — Қытай азаматшасына қосылуға жәрдем сұраған қазақ жігітінің арызына қатысты пікір білдірді.

1132648

Бұдан бұрын Тұрсын Бөрібай есімді жігіт abai.kz сайтында жарияланған хатында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан жұбайы Қытай азаматшасы Жазира Иманәліге қосылуға жәрдемдесуді сұраған болатын. Жас жұбайлар екі жыл бұрын танысып, бір-біріне ғашық болып, жақында үйленіпті. Алайда ғашықтар бірге бола алмайды, өйткені көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Иманәлі былтырғы жылы Қазақстаннан шығарылыпты. Қазақ жігітінің жазуынша, өзі отбасының кенжесі екен, әкесінің миына қан құйылып төсек тартып жатқан көрінеді, бар арманы ұлының үйлену тойын көру екен.

20170412185423

Тұрсын Бөрібай бұл мәселе оң шешімін тапса, Қасымовты құрметті қонақ ретінде үйлену тойына шақыруға уәде берді. ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтқандай, қыз Қазақстанға былтыр 7 маусымда келіпті, бірақ бес күн ішінде уақытша тіркеуге тұрмай, 2016 жылы 22 маусымда ғана тіркелуге келеді. Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік ару әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан шекарасынан шығарылды.

Сот шешімінің негізінде көші-қон қызметі қыздың 2021 жылғы 29 маусымға дейін елге келуіне тыйым салады. “Халықтың көші-қоны туралы” заңның 48 бабына сәйкес, ҚР аумағынан шығарылған шетелдіктерге Қазақстанға келуге бес жылға тыйым салынады. Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне шағым түсіріп, шешім өзгертілген жағдайда көші-қон қызметі Қазақстанға келуге тыйымды алып тастайды”, — деді Сәдубаев.

Тағы да оқыңыз:

Дональд Трамп бейтаныс жас жұбайлардың тойларына кіріп кетті (видео)

Павлодарда екі жігіт көше ортасында бір топ жігітпен төбелесті (видео)

Атамбаев Қазақстанды қызғанып қалды: Егер мен осыншама ақша құртатын болсам, мені тірідей өртеуші еді

Талқылау