Қытайда әйелдер төсіне түрлі заттарды қыстырып түсу селфиі сәнге айналған
Қытай әйелдері әлеуметтік желіде төсінің төменгі жағына қарындаш, қалам не өзге де заттарды қыстырып қойған суреттерін жариялады. Олар осылайша омырауын көтеріп мүсінінің сымбатты болып қалыптасуына жағдай жасайды екен.
Бұл туралы Huanqiu.com хабарлайды.
Бұл тренд қытайлық желілерде #кеудеңді қалам не қарындашпен көтер хэштегімен жарияланып жатыр. Алғашқы сурет 6 қаңтар күні жарияланған.
Алғашында бұған тек қалам пен қарындаш пайдаланылатын. Қазір макияж сүртуге арналған кремдер сынды көлемді заттар қолданылып жатыр.
2015 жылдың жаз айында Инстаграм желісінде бөксе түсіру селфиі сәнге айналған еді. Ол белфи деп аталған. Ағылшын тілінен аударғанда butt – бөксе деген мағынаны білдіреді.
Талқылау