Қысым көрсетуді доғарыңдар: Назарбаев Ұлттық банктің кімге бағынатынын еске салды (видео)
Елбасы Ұлттық банктің қорытынды есебі бойынша өткен жиында Ұлттық банк басшысын ақтады.
Фото: Sputnik
Елбасы депутаттарға Данияр Ақышевке қысым көрсетуді доғаруды тапсырды, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Тағы дай айтам, Ұлттық банкке қысым көрсетуді тоқтатыңдар. Бұл не сұмдық. Түсінбедім. Соңғы кезде президент пен заңға бағынатын Ұлттық банктің төрағасына, әрбір министрге депутаттар қысым көрсетуде. Мұндайды қою керек. Бұл дұрыс емес. Ешқашан бұлай жұмыс істеген емеспіз. Батыл жұмыс істеу керек. Ұлттық банк дұрыс жұмыс істеп жатыр», – дейді Назарбаев.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы бүгін бірақ теңге бағамы үшін емес, сол валюта нарығын реттеуге қатысты біраз сын естіген еді. Мәжіліске валюталық рететуге қатысты екі заң жобасын алып келген Данияр Ақышевты депутаттар сан сауалмен қыспаққа алды. Тіпті бас банкир төменгі палата төрағасынан бірнеше рет ескерту алды.
Сонымен қатар Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кезекті Палата отырысында сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сауалына қазақша жауап бере алмай әбден қысылған еді.
Тағы оқыңыз:
Ақтөбелік тележүргізушінің лифтідегі өлімі: Депутаттар Сағынтаевқа сауал жолдады
Парламент жер дауынан кейін әзірленген заңды қабылдады
Тұңғыш әскери ұшқыш қазақ қызы әуе кемесін өз бетімен басқарды