Құстардың өлекселері аспаннан "жауған": Жаңа жыл тойлаудың салдары белсенділердің наразылығын тудырды

Италияның астанасы Римде 1 қаңтарға қараған түні құстардың өлекселері төбеден жауа бастаған. Жүздеген торғайлар аспанға атылған отшашулардан қырылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті RomaToday басылымына сілтеме жасап. 

Құстардың өлекселері қаланың бірнеше аудандарынан табылған. Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы құстардың қырылуына себеп Жаңа жыл мерекесіне орай атылған отшашулар екенін айтады. Құстар қатты жарқылдардан шошып өлген дейді сарапшылар. 

Өз кезегінде итальяндықтар мұндай жайттан кейін мейрамды тойлағылары келмей қалғанын жарыса жазуда. Жануарларды қорғаушылар болса, жыл сайын отшашу атуға тыйым салуды сұрауда. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр