Құрсағында 11 сәбиі шетінеп кеткен алматылық әйел ана атанды
Құрсағында 11 сәбиі шетінеп кеткен алматылық келншек ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
44 жастағы әйел 11 сәтсіз жүктілікті бастан өткерген. Оның балалары құрсағында тумай тұрып шетінеген. Екі рет ЭКО салынған. Ол да сәтсіз аяқталды.
"Соңғы жүктілігінің 15-аптасында түсік тастау қаупімен ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған антифосфолипидті синдром деген диагноз қойған. Дәрігерлердің бақылауымен ол көптеген сәтсіздіктерден кейін ана атанды. Келіншек 34 аптада босанған. Сәбидің салмағы 2700 грамм, ұл бала”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Түркістан облысында 33 жастағы келіншек жеті қыздан кейін үшем босанғаны туралы жазғанбыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"