Төрт құрма жеген балақай ауруханаға түсті
Қытайда құрманы шектен тыс жеген баланың асқазанында жеміс өсе бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың Фуцзянь провинциясының бес жасар тұрғыны тым көп құрма жеп, асқазаны ауырғандықтан, ауруханаға түскен.
Медициналық мекемеде қатарынан төрт құрма жеген балаға ультрадыбыс жасалды. Оның асқазанында ұзындығы жеті және ені үш сантиметр, салмағы 250 грамм болатын қатты кесек табылды. Сарапшылар оның тәтті жемістердің салдырынан, анығырақ айтқанда, құрма құрамындағы қышқылдардың ақуыздар және жасушалармен әрекеттесуінен пайда болғанын түсіндірді. Процесс нәтижесінде жеген құрма ағаш тәрізді қатты шарға айналған.
Баланың асқазанындағы ауырсынуды басу үшін тоғыз сағаттық операция қажет болды. Ота кезінде дәрігерлер шар тәрізді кесекті сынықтарға бөліп, шығарып алды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ