Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылыс салатын компанияны таңдаған кезде не нәрсеге мән беру керек – Министр кеңес берді

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс салушыны таңдау кезінде неге мән беру керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Оның айтуынша, Қазақстанда үлескерлік құрылыс туралы заңға сәйкес құрылыс салудың үш әдісі бар.

"Мен Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігі бар үйді сатып алуды жөн көремін. Егер компания мұны құжаттармен растаса, онда сіздің үйіңіздің салынатынына сенімді болыңыз. Бізде кепілдік болған, біз оларды аяқтадық", – деді Шарлапаев үкіметте өткен брифингте.



Министр құрылыс салушының сенімді екенін білдіретін тағы екі белгісін атады.

"Екіншіден, қаржылық жағдайы тексерілген құрылыс салушы екеніне, үш жылдан бері салықты қалыпты төлеп келе жатқанына, құрылысқа қаражаты бар екеніне көз жеткізу керек. Үшіншіден, оның жобасы алғашқы уәде етілген нұсқасымен сәйкес келетінін анықтау қажет", – деді министр.

Еске салсақ, Қазақстанда құрылысы аяқталмаған тұрғын үйдегі пәтерді брондауға тыйым салынатыны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 29 Қазан, 2024 15:16