Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты (видео)
Қырғызстандықтар әскер қатарында жүрген әнші сарбазды «екінші Димаш Құдайберген» деп атады. Оның әншілігі кездейсоқ белгілі болды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Өзінен дәрежесі үлкен әскери қызметкер оның даусын естіп радиодан айтып жатыр екен деп қалған. Қырғыз бала шындығында Димаш секілді жоғары ноталарда ән айта ала ма?
«Әкем де, атам да ән айтқан емес. Мен 6-сыныпта оқып жүргенде жіңішке дауыста ән айтатынымды байқадым», – Құбанышбек Қарыпов.
«Тексеру кезінде радионың даусын естідім. Бөлімге кірсем ешқандай радио жоқ. Құбанышбек ән айтып отыр екен», – дейді бөлім командирі Топшыбек Усубалиев.
Осыдан соң әнші сарбаздың аты ғаламтор арқылы таныла бастады. Оның талантын мойындағандар да, таланты жоқ деп сөккендер де табылды. Ал, Құбанышбектің өзі эстрада саласына келмейтінін айтады. Оның арманы – Әзірбайжандағы училищенің бітіріп, ұшқыш болу.
Тағы да оқыңыз:
Телегония: Алғашқы жақындасқан еркектің әйелге әсері жайында шариғат не дейді?
Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр? (фото)
Димаш елбасын туған күнімен ерекше құттықтады (фото)
Жас әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды