Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда бірнеше ауыл арақтан түбегейлі бас тартты

Қырғызстандағы Тоң ауданында тұратын бірнеше ауыл тұрғындары спирттік ішімдік саудасы мен оны тұтынудан түбегейлі бас тартты.

729_486_560d3fafe60f6

Бұл туралы Turmush хабарлайды.

Шешімді жергілікті ақсақалдар мен жастар бірлесе отырып қабылдаған.

“Бізде ауа-райы қолайлы емес, қыста қатты суық, ал жаз аса ыстық бола қоймайды. Біз негізінен мал ұстап, үй шаруашылығымен айналысамыз. Ал бос уақытта ауыл еркектері ішіп алып, үйлеріне маза бермейді. Ал арақ ішу ешқашан жақсылыққа алып келген емес. Ал қазір жақсы болды, бәрі өз шаруаларымен айналысып жатыр: үйінің жағдайын жасайды, одан қалса малын бағады”, – дейді ауыл тұрғыны Тұрум Байтуров.

Алкоголді ішімдіктерді сату мен тұтынуға тыйым биылғы жылдың көктемінен бастап салынған. Қазір ауыл тұрғындары дүкеннен арақ сатып ала алмайды. Тоң ауданы Ыстықкөл облысының батысында орналасқан.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстанда тура шекарада қанды теракті жасамақ болғандар қолға түсті

Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды

Мәскеуде дүлей дауыл құрбандарының саны 4 адамға жетті (фото)

Қорғаушылары Трампты құлап келе жатқан шамнан құтқарып қалды

Талқылау