Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

29 жастағы келіншек ең жас батыр ана атанды

Ыстықкөл облысында 29 жастағы Айдана жетінші сәбиін дүниеге әкеліп, көп балалы батыр ана атанды, деп хабарлайды Turmush басылымына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

келін

Түп ауданының тұрғыны Айдана Тақырбашева мен оның 38 жастағы күйеуі Жырғалбек Орозов 31 қаңтар күні жетінші сәбилі болды. Аудан әкімі Советбек Исмаилов көпбалалы жас отбасын құттықтап, конверт сыйлады. «Қазіргі жастардың ата-ана болып, көп бала тууға асығатынын көріп, қуанамын. Өз замандастарыңызға жақсы үлгі көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді әкім.

Қазір үйде қалған балаларға нағашы әжелері бас-көз болуда. Отбасының кенжесі 1 жаста. Тұңғыш ұл Нұрел – ата-анасының қолқанаты. Екінші сынып оқушысы өзінен кейінгі бауырларына қарап, ең кіші інісіне сүт жылытып береді.

келін2

«Мен мемлекеттік қызметте істемеймін, өзімнің кішігірім шаруашылығым бар. Өзім үйде сегізінші бала болғанмын. Тоғыз жыл бұрын шаңырақ көтердік», – деді Айдананың күйеуі Жырғалбек.

Әзірге Айдана перзентханада жатыр, ал Жырғалбек сиырларды сауып, балалардың киімін жуып, тамағын әзірлеп жүр. Үлгілі және көпбалалы отбасын жергілікті кеңес депутаттары, Арал ауылының тұрғындары мен туыстары құттықтап жатыр. Жергілікті билік органдары мен депутаттар сәбиге жаңа арба сатып әперіп, үйге көмір мен қыстық отын жеткізіп беруді қолға алды.

Айдана мен Жырғалбектің балалары: – Нұрел – 8 жаста, 2-сынып оқушысы; – егіздер Елназ және Гүлназ – 6 жаста; – Дильназ – 5 жаста; – Данияр – 4 жаста; – Дайыр – 1 жаста Жаңа туған қыз балаға әлі есім таңдалмаған.

Еске сала кетсек, еліміздегі ең жас көп балалы ана Қызылорда облысында тіркелді. 27 жастағы Динара Манатбекқызы жеті баланы дүниеге әкеліп, Батыр ана атанған болатын. Ол жары Ренат Әбдібайұлымен бірге үш ұл, төрт қыз тәрбиелеп отыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкенттік әйел жұрттан көмек сұрап бастап, соңында тек ақша берулерін талап еткен

Мұғалімнің айтуымен оқушылар үлгерімі төмен сыныптас қызын ұрып өлтірді

Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан компьютер жөндеп, отбасын асырайды

Талқылау