Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған
Қырғызстан мемлекетінің сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшілігіне нота жіберді. Оған елімізде қырғызстандықтардың ұсталуы туралы мәлімет себеп болды, деп хабарлайды Қырғызстан ведомствосының сайтына сілтеме жасап Stan.kz.
Айта кетсек, бұған дейін бірнеше БАҚ-та 15-16 ақпанда контртеррористік операция барысында елімізде 29 азамат ұсталғаны жөнінде ақапарат тараған еді. Расталмаған мәлімет бойынша, ұсталғандардың ішінде Қырғызстанның 2 азаматы бар.
Осы жағдайға байланысты Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанға нота жолдады.
«16 ақпанда Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің консулы Ерлан Әбішев шұғыл түрде министрлікке шақырылды. Кездесуде Ерлан Әбішевке аталған мәліметтердің расталуы немесе жоққа шығарылуы, операция барысында ұсталғандар және орын алған оқиға жөнінде толық ақпарат беру тапсырылды», – деп жазылған нотада.
Әзірге Қазақстан тарапы нотаға қатысты жауап берген жоқ.
Ал Қырғызстан министрлігі мен шетелдік мекемелер аталған мәселені жіті бақылауға алған.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында арнайы операция жүргізілген. Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады, олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Оқи отырыңыз:
Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады
Мазақ болма, қазақ: Мұрат Әбенов имамдар мен голливуд жұлдыздарының суретін сынға алды
Саунада ән айтсын онда: Белгілі композитор той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды