Қырғызстан президенті өзінің мұрагері туралы айтып берді
Бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елді тұрақты дамыту ұлттық кеңесінің бесінші отырысында мұрагерінің кім екендігі туралы айтып берді.
Оның айтуынша, ол қайда барса да, кіммен кездессе де барлығы одан мұрагер ретінде кімді лайықты санайтынын сұрайды.
«Бұл туралы менен Ангела Меркель де, Владимир Путин да сұрады. Кейбір саясаткерлер мен журналистер өзімді қорғайтын мұрагерді таппай жүргенім туралы мақалалар жазуда. Мен тек Алладан қорқатынымды мәлімдеймін. Маған мені қорғайтын мұрагер емес, біздің ұлттық және мәдени құндылықтарымызды сақтап, халқымызды қорғайтын мұрагер керек», – деді Атамбаев.
«Еліміздің барлық азаматтары – менің мұрагерлерім. Біздің әрқайсысымыз, әрбір қырғыз азаматы – ата-бабаларымыздың мұрагері болып табылады. Келесі президенттің кім болатынын – сайлау көрсетеді. Мен оны білмеймін. Менің міндетім – әділ және ашық сайлау өткізу», – деп мәлімдеді Қырғызстан президенті.
Бұрын хабарланғандай, Қырғызстанда президент сайлауы конституциялық заңға сәйкес, 2017 жылдың 19 қараша күні өтеді.
Жіберіп алмаңыз:
Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді
Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған
Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты