“Қырғызстан аруы – 2013” жеңімпазы көз жұмды
“Мисс Қырғызстан-2013” титулының иегері 22 жастағы Жібек Нүкеева қайтыс болды. Ол соңғы жылдары рак ауруымен күрескен.
Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.
Ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы және “Әлем аруы – 2013” қатысушысы Жібек Нүкеева соңғы жылдары ұзаққа созылған қатерлі ісікпен ауырды. Оған ауруы туралы диагноз 2016 жылы қыркүйекте жүктіліктің жетінші айында қойылған. Ауруына қарамастан Жібек өмірге аман-сау бала алып келді.
“Бұл туралы хабарлау өте ауыр. Бүгін Жібек Нүкеева қайтыс болды. Бұл ақжарқын, әдемі қыз біз алғаш танысқан күні-ақ өзінің салмақтылығымен, нәзіктігімен тәнті еткен еді. Өкінеміз”, – деп жазды қоғамдық белсенді Ассоль Молдокматова.
Бұған дейін Жібектің еміне әлеуметтік желі арқылы қаражат жиналған еді.
Оқи отырыңыз:
Француз жазушысы өз кітабының кейіпкері сияқты өзін өлтірді
АҚШ президенті Путинмен өте қатал түрде сөйлескенін айтты
АҚШ-та мұғалім өз оқушысымен жасаған сексті видеоға түсірген
Дәрігер отбасын атып өлтіріп, соңынан өзіне қол салды (фото)