Қырғыз мүфтиі АҚШ-тың католик шіркеуінде азан шақырды (видео)
Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Мақсат қажы Тоқтамысов АҚШ-қа сапары кезінде католиктер шіркеуінде азан шақырды.

Айыр қалпақты ағайындардың бас мүфтиі сәуір айының бас кезінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің шақыртуымен діни тәжірибе алмасу және диалог орнату жөніндегі шара аясында болып қайтқан екен. Алайда, оның Атлант мұхитының ар жағындағы алып елдің католиктер шіркеуінде азан шақырып қайтқаны енді белгілі болып отыр, деп жазады islam.kz.
Оның шіркеу қызметкерлерімен келісіп барып қана азан шақырғанын айта кету керек. “Ол іс-шара бағдарламасында қарастырылғандықтан азан шақырды. Яғни, діни ұйымдардың өкілдері өз діндерінен бір нәрсе көрсетуі тиіс болатын. Азан намазға шақыру болғандықтан таңдадық”,- деп айтылған мүфтият түсініктемесінде.
Тағы да оқыңыз:
Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін