"Құрбыларым ұлдарын үйлендіргенде ойландым": Гүлнұр Мамасарипова өмірдегі өкінішін айтты
Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/
Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова үш қызынан кейін ұл тумағанына өкінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа маманы ұлы бар құрбыларына қызығатынын жасырмады.
“Бір кем дүние – дәл қазіргі кезде ол ұлымның жоқтығы. Оны көпке дейін “маңызды нәрсе емес” деп ойлайтынмын. Маңызды нәрсе екенін қазір түсінемін. “Мен 48-ге келдім, енді туа алмайтын шығармын” деген ой келді. Оған дейін ол туралы ойланбаппын. Құрбыларымның ұлдары үйлене бастады. Қоржын жинау деген сияқты нәрселер болады. Қанша дегенмен ұл жақ қатты дайындалады. Келін түсіретін үйдің күйбеңі, ұлдың есейгені маған қатты әсер етіп кетті. Дәл осы менде жоқ деген ой келді сол кезде. Ғайниден (қызы) неге тумай қойдым деп өкініш пайда болып бастады”, – деді продюсер.
Айта кетейік, продюсер Сара Амангелдінің не үшін тұрмысқа шықпай жүргенін айтқан еді.
“Сараға ана ретінде ақыл айтып отырамын. Бірақ “тұрмысқа шық, отырып қалдың” деп айтпаймын. Ол – үлкен қыз. Өзінің өміріне жауапкершілік алған ересек адам. Бірақ “жеке өміріңде қандай да бір өзгеріс болса, ертерек айтып, алдын ала ескерт” деймін. Тіпті шаруаң болмай кеткен де дұрыс емес. Жанына тимейтіндей жеткізу керек. Менің ойымша, біздің менталды қоғамда әр қыз отбасын құруға мүдделі. Олар өзіне жар болатын, сенімді серік болатын адам жолықпағасын жүріп қалады. Кез келген қыз тұрмысқа шығуға дайын. Бірақ іштей көңілдерінен шықпағасын, уақыт созып алады”, – деді кинопродюсері.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
