Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Жапонияда поп-жұлдызды зорлады деп айыпталған 26 жастағы жапондық жігіт өзінің құрбанын селфидегі сурет арқылы тапқан.

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушының айтуынша, суретке мұқият қарап, ол әнші қыздың теміржол вокзалында тұрғанын біледі. Қай стансада екенін анықтау үшін ол көзінің суретін барынша жақындатып, содан кейін Google Street View қосымшасын пайдаланып, нақты орнын анықтайды.

Ер адам сол жерге барып, қызды тауып, соңынан ізіне түседі. Көп ұзамай жігітті полиция ұстап алып, оның әншінің жанкүйері екенін анықтады.

Қыздың аты-жөні жария етілмейді, оның тек 21 жаста екендігі белгілі. 

Тергеу барысында күдікті Сато әншінің үйде түсіріп, көпшілікке жариялаған суреттерін мұқият зерттегенін мойындады.

Терезелерді, перделерден өтіп, күндіз бөлмесіне енгенін, қай қабатта тұратынын анықтақтамақ болғанын айтты.

Күнделікті өмірінен суретті желіге жүктейтін адамдар өздеріне қауіп төндіреді, өйткені заманауи технологиялардың көмегімен кез-келген аудитория олар туралы ақпарат біле алады.

«Жоғары сапалы фотосуреттер сізге геоақпаратты орнатуға болатын көптеген мәліметтерді қарауға мүмкіндік береді. Google Street View сияқты қызметтердің көмегімен адамды табу мүмкіндігі бірнеше есе артады», - деді  Bellingcat тобының негізін қалаушы Элиот Хиггинс BBC-ге берген сұхбатында.

Негізінен ашық көздерден алынған ақпаратқа сүйене отырып, әртүрлі зерттеулер жүргізді.

«Тіпті ұсақ бөлшектер де суреттің қай жерде түсірілгені және онда бейнеленген адамдар туралы көптеген ақпараттар бере алады. Ешқашан өз бастығыңыздан, серіктесіңізден немесе жауыңыздан жасырғыңыз келетін нәрсені жарияламаңыз», - деп ескертеді Хиггинс.

Талқылау