Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде қанша мал сойылды?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың алғашқы күнінде республика аумағында қанша мал сойылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: muftyat.kz
Діни басқарма дерегіне сүйенсек, Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 28 маусымдағы мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 18 227 мал сойылған. Оның 1700-іне qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс берілген.
“Тарқатып айтсақ, қой – 14 448, ешкі – 1498, ірі қара – 2 266, түйе – 15. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 60 862 отбасыға, 738 мекемеге құрбандық еті таратылды”, - делінген ҚМДБ ақпаратында.
Сондай-ақ, діни басқарма онлайн форматта құрбан шалуға арналған qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни, ертең (30 маусым) сағат 13:00-ге дейін жалғасатынын хабарлады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"