Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құранды жатқа біледі": Нұрлан Абдуллин алғаш рет балалары туралы айтты

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші, Нұрлан Абдуллин алғаш рет отбасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001” түн бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Өнер иесі үнемі гастролдік сапарда жүретін болғасын балаларының қалай тез өсіп кеткенін байқамаған. 

“Балаларым ержетті. Немерелерім бар. Ұлым Айдын 17 жасқа толғанда “Әке, сізбен қарсы алатын жаңа жыл бола ма?” деп ренжіді. Сол кезде қатты ойланып қалған едім. Шынымен өнер адамы түзде жүреді. “Ұлым ержетті, енді жанында жиі болуым керек” деген ой келді. Одан кейін Айдын әжесінің тәрбиесінде өсті. Сондықтан менің інім сияқты. Екеуміз көп сырласамыз, өзінің идеяларын айтады. Жаңа жылдан кейін, қаңтардың басында 1-2 апта ұлымыз екеуміз демалып келеміз. Әке мен баланың арасындағы байланыс ешқашан үзілмеуі керек”, – дейді әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі ұлының дінге жақын екенін айтады. Тіпті 13 жасында өлі әруақтарға құран бағыштап, сүре оқығанын көргенде көз жасына ерік берген.

“Ұлым ата-әжесінің қолында өскен. Қазақта олардың тәрбиесі ерекше саналған ғой. Анам қайтыс болғаннан біршама уақыттан кейін ұлыма "әжеңнің басына барып қайтайық" деп айттым. Жолдағы мешіттен молда алып кетіп, құран бағыштап жібереміз деп ойладым. Қарбаласып жүріп ұмытып кетіппін. Молданы ертіп шықпағаным, зиратқа барғанда бір-ақ есіме түсті. Ол кезде ұлымның жасы 13-те еді. Сонда маған қарап тұрып, "әке, мен өзім оқимын ғой" деді. Таңданып, "оны қайдан үйрендің?" деп сұрасам, "әжем үйретті" деп жауап берді. Кейін отырып, құранды әдемілеп оқыған кезінде мен көзіме жас алып, ұлыма риза болдым", – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.

Талқылау