Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Құран мен құр ән бір жүректе түспейді”: Әнші Айдана Меденова орамалын шешті (видео)

Әнші Айдана Меденова орамалын шешті (видео)Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші Айдана Меденова шығармашылыққа оралып, орамалын шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“КешYOU” тобының бұрынғы әншісі әлеуметтік желіде “Өйткені өмір” атты жаңа әнін таныстырып, орамалсыз шықты. Бұл оны орамалмен көріп үйренген желі қолданушыларының назарын аударды. 

Желідегілер жазба астына түрлі пікір қалдырды. Көпшілік оның өнерге оралып, шығармашылығы қайта қолға алғанына қуанса, енді бірі сырт келбетіндегі өзгерісті сөз етті.

“Айдана қызым, өте қуаныштымын, өнеріңді тастама. Бастысы, өзіңнің жүрегіңді тыңда”, “Сіз үшін қуаныштымын, керемет туындылар күтемін”, “Оралуыңызбен”, “Осылай жүргеніңіз жарасады”, “Орамалыңызды шешпейсіз деп үміттеніп едім”, “Орамалды неге айырбастап жатырмын, соған тұрарлық дүние ме?” деп ойланған абзал”, “Әпкелер, ақыретіңізді дүниеге айырбастамаңыздар”, “Құран мен құр ән бір жүректе түспейді”, “Сол ризықты Алла орамалмен де беретін еді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Кейбірі бұл видеоны ескі болар деп топшылады. Алайда әншінің өзі бұл өзгеріс жайлы ештеңе айтпады.

STAN.KZ
Сенбі, 10 Қаңтар, 2026 19:25