Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құрамында саясаткерлер де бар": Италиядағы 207 мафия мүшесі мен олардың сыбайластары 2200 жылға бас бостандығынан айырылды

20 қараша күні италиялық сот Италияның оңтүстігі Калабрия провинциясындағы "Ндрангета" қылмыстық мафия тобымен байланысы бар 207 адамды соттады. Бұл елдегі соңғы 30 жылдағы ең ірі мафия соты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: bostonglobe.com

Үкімдер оңтүстік Калабриядағы Ламезия-Терме қаласында арнайы салынған ғимаратта өткен үш жылдық сот процесін қамтиды. Арнайы бөлме, күшейтілген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және 350 айыпталушыны, 400 адвокат пен 900 куәгерді орналастыру үшін қажет болды.

Нәтижесінде сот 131 айыпталушыны ақтап, қалғандарын жалпы 2200 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырды. Үкімді жариялаудың өзі бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.

"Ндрангета" (грек тіліндегі ἀνδραγαθία (ерлік) сөзінен шыққан) әлемдегі ең күшті, бай және ықпалды қылмыстық топтардың бірі. Топтың Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада базалары бар. Сотқа келген айыпталушылардың кейбірі Еуропаның әртүрлі елдерінде, Бразилия, Эквадор және Ливанда қамауға алынды.

Сонымен қатар қылмыстық топ басшысы Луиджи Манкусо сот процесінде айыпталушылардың тізіміне енген жоқ. Себебі ол көпшілік алдында көріну үшін тым маңызды тұлға болғандықтан, ол үшін жеке сот талқылауы дайындалды. Соттың "жұлдызы" оның жиені Эмануэле Манкусо болды. Ол сот процесінде әріптестерінің барлық құпияларын ашып берді. 

Тергеу барысында саясаткерлердің де қатысы бары анықталды

Фото: BBC

"Ндрангетаның" қызметіне қатысты тергеу 2016 жылы басталып, кем дегенде Италияның 11 аймағына таралды. Аталған іске барлығы 2500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Мафиялық топтың "операциялық орталығы" Вибо Валентина қаласы болды. Негізінен "Ндрангета" тергеу басталғанға дейін жыл сайын фортепиано байқауын өткізетін танымал топқа айналған еді. 

Ұйым көшбасшыларын қолға түсірумен италиялық полиция эскадронының Карабинери Элиортото "Cacciatori di Sicilia" ("Carabinieri тікұшақ эскадрильясы" "Сицилия аңшылары") элиталық бөлімі жүргізді.

Қамауға алынғандар, айыпталғандар мен сотталғандар арасында мафиялық топтың тікелей мүшелері ғана емес, олармен ынтымақтаса жұмыс істеген саясаткерлер де болды. Олардың кейбірі Германия, Швейцария және Болгарияда қамауға алынды.

Атап айтқанда, Италия парламентінің экс-депутаты Джанкарло Питтелли мафия кланына көмектескені үшін 11 жылға сотталды. Сонымен қатар сотқа бопсалау, мемлекеттік келісім-шарттарды жасау кезіндегі сыбайлас жемқорлық, заңсыз қару сақтау, жергілікті сайлау нәтижелерін бұрмалау және пара алу фактілері бойынша көптеген дәлелдер ұсынылды.

"Ндрангета" қалай жұмыс істеді

Топ Vibo Valentia-дағы экономикалық және саяси процесті толығымен өз қолына алды. "Ндрангета" жергілікті халықты қаржылық тәуелділіктен арылтатын кез келген жергілікті экономикалық бастаманы басып тастап отырды. Олар өз жақтастарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындап, жергілікті халықтың наразылығын күшпен басып тастады. 

Қарсылық көрсеткендердің үй, кеңсе немесе дүкеніннің ауласына өлген иттің немесе ешкінің кесілген басын лақтырып, қорқытатын болды. 

"Ндрангета" ұйымының ықпалы 1970 жылдары күшейді. Олар сол кезден бастап есірткіні басты табыс көзіне айналдырды.  

Содан кейін танымал тұлғаларды ұрлау әрекеттері бой көрсетті. Соның ішінде америкалық мұнай магнаты және өнеркәсіпші Пол Геттидің немересі, 1973 жылы Римде ұрланған Джон Пол Гетти III те бар.

Фото: BBC

Алғашында мафия кәсіпкерден немересі үшін 17 миллион доллар төлем талап еткен, бірақ атасы төлеуден бас тартқан. Содан

кейін олар магнатқа немересінің кесілген құлағы мен бір бұрым шашпен жіберді. Іс қарақшылардың қаржылық талаптарын үш миллион долларға дейін төмендетуімен аяқталып, атасы төлем үшін қаражат бөлді. Джон Пол Гетти Калабрия тауларында бес ай болғаннан кейін босатылды. 

2008 жылы италиялық Eurispes зерттеу тобы "Ндрангетаның" жылдық айналымын 44 миллиард еуроға (48 миллиард АҚШ доллары) бағалады. Бұл сол кезде Италияның ЖІӨ-нің шамамен 3%-ын құрады.

"Ндрангетаға" қатысты қылмыс туралы 14 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымдардың өкілдерін қорқытудың 507 дерегі түскен. Мафияның енуіне байланысты муниципалитеттердің 10 пайызы таратылып, 1150-ден астам мүлік пен бизнес тәркіленді. 

1992 және 2007 жылдар аралығында Италиядағы барлық қылмыстық ұйымдардан жалпы сомасы 5,2 миллиард еуродан астам активтер тәркіленді. Оның 231 миллионға жуығы "Ндрангета" мүшелерінен" келген.

Кейбір сарапшылар бұл баға асыра айтылған деп санайды. Алайда бәрі бұл қылмыстық ұйымның кокаин контрабандасының арқасында бай әрі алпауыт болғанымен келіседі.

Талқылау