Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Құрамында мүйіз, тұяқ және шеміршек бар": Дәрігер танымал таңғы астың зиянды тұсын айтып берді

Шұжық қосылған бутерброд тұтыну қант диабетінің дамуына әкеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com

Хирург Александр Умнов танымал таңғы астан төнетін басқа да қауіптерді атады. 

Умновтың айтуынша, шұжық – өңдеуден өткен тұз қосылған тартылған ет. Өнімдегі майлы қосындылар қандағы холестерин деңгейін арттырады. Бұл жүрек-қан тамыр ауруларының дамуына әкеледі. Сондай-ақ мұндай таңғы ас семіздік пен қант диабетінің даму қаупін арттырады.



Дәрігер шұжықтың да денсаулыққа қауіпті екенін ескертті. Өйткені оның құрамында көптеген қоспалар бар дейді. 

“Дәмдеуіштер асқазан-ішек жолдарының қабырғаларын тітіркендіреді. Ал тұз қан қысымының жоғарылауына және бүйрек проблемаларына әкеледі. Ең арзан шұжық механикалық түрде сүйектен тазартылған етті пайдалану арқылы өндіріледі. Оның құрамында мүйіз, тұяқ және шеміршек бар. Мұндай қоспа несеп тас ауруына әкелуі мүмкін”, – дейді маман. 

Айта кетейік, бұған дейін Маман ағза тез қартаятын жасты атаған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 19 Сәуір, 2025 19:34
Талқылау