Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Марат Бекетаев пен "Болашақ" консалтинг компаниясы басшының істері жасырын тергеліп жатыр – Антикор

Мәжіліс куларында журналистердің сауалына жауап беру кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев пен "Болашақ" бас директорының ісін не байланыстыратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марат Бекетаев

Фото: gov.kz

Антикор өкілінің сөзінше, аталған істер жайлы мәлімттер жария етуге жатпайды. 

"Бұл істердің "Құпия" грифі бар, өйткені төрелік істер болып жатыр. Миллиондаған доллар сыртқа кетіп, тиісті жұмсалмағандықтан, мемлекетке зиян келгендіктен, бұл іс тергеліп жатыр", – деді Сарқұлов.

Журналистер экс-министрі Марат Бекетаев пен "Болашақ" бас директорына қарсы істердің бір-біріне байланысын сұрап көрді. Дегенмен агенттік өкілі бұл істер құпия, сондықтан ашып айта алмайтынын жеткізді.

"Бұл істер құпияландырылған. Қазір ол істер әртүрлі немесе бір іс деп айта алмаймын. Ол істерге міндетті түрде құқықтық баға береміз", – деп қайырды Ұлан Сарқұлов.

Еске салайық, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов білім беру саласындағы жемқорлық деректері жайлы айтып берген еді. 

Талқылау