“Қып-қызыл әртіс”: Ерке Есмаханды қолдаған Төреғали жұртты тәнті етті
Төреғали Төреәлі фильм түсірген Ерке Есмаханды қолдады. Ол әріптесін “қып-қызыл әртіске” теңеп, фильмінің табысты болуын тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Гүл жердің көркі болғандай, елдің көркі болған Ерке қыз! Кино әлеміне қош келдің! Мен сені әнші ретінде ғана емес, қып-қызыл әртіс деп те мойындаймын! Жаны асыл, жанашыр анашың аман болсын. Қазақта кафе көп қой, маxаббатың аяулы бақытың баянды болсын! Әзіл әңгіме күлмекке, жақсы кино көрмекке жақсы дегендей “Маxаббат кафесін” бірге көрейік ағайын!” – дейді Төреғали.
Желі қолданушылары Еркеге қолдау көрсеткені үшін Төреғалиге риза болды.
“Төреш, ал тын жүрегіңнен айналдым! Дұрыс бір-біріңді көтермелеңдер. Тоқтарға риза болғаным ай!” – дейді Сәрсен есімді оқырман.
Сол сияқты Ләйлә Сұлтанқызы да Еркенің фильмінен алған әсерімен бөлісіп, көрермендерді киноға шақырды.
“Кино және арифметика. “Қазір кез келген адам кино түсіреді”, “Біреу біреудің нанын жеп жүр”, “еріккен әншілер ақшасын қайда шашарын білмей жүр” деген сөз көп. Алайда кино еріккеннің ермегі емес, үлкен еңбек!
⠀
Неліктен арифметика: Кинотеатрлар көрсетілімі үшін 50%-дан жоғары алады, прокатный компаниялар 5-7%-ын алады. Ал ол киноға сұраныс көп, барлық сеанста адам толық болады деп ешкім гарантия бере алмайды. Демек, кино түсіруге шыққан шығынның ақталуы да ауыр жұмыс. Қаржының басым бөлігі түсірілімнен тыс, жарнама мен көрсетілімге жұмсалатыны тағы бар. Оған салықты қосыңыз.
Жаңа жылдан бастап іске асар кино туралы заңда ұлттық кино қорын ашу, салық жеңілдіктері мен ақпараттық жүйе қарастырылмақ. Оның отандық киноның дамуына үлкен көмек болары анық.
Мысалы, 2017 жылы Қазақстан кинонарығының 80 пайызы Голливудтың, 17 пайызы ұлттық (арғы жылы бұл 6 пайыз болған), 7 пайыз Ресей киносының үлесінде болған екен. Ал соңғы кездері әріптестерім көрерменге қызық дүние сыйлауда. Браво. Сол арқылы бәсекелестік те, таңдау да болады. Ал нағыз мықтыны нарық 4-5 жылда өзі-ақ саралап, сүзгіден өткізіп береді. Сондықтан, “көбейіп кетті ойбай” демей, көріп-қабылдап қайтайық… Кеше мен трагедиясы мен комедиясы және “руxани жаңғыруы” қатар ұсынылатын “Маxаббат кафесінде” болдым. Ерекше әсер алдым. Сіз де “дәм татыңыз”, көрермен” – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның ауруханаға түсіп қалғанын хабарлаған едік.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

"30 мың теңгеге азық-түлік аламын", "ажырасқандар салық төлесін": Көпшіліктің сынына ұшыраған депутат Ардақ Назаровтың даулы мәлімдемелері
