Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны 50 миллион теңге": Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды

гүлзира айдарбекова Фото: Видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова сусабын шығарып, оқырмандарына ұтыс ойынын ойнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі сатып алушылар арасында лотерея ойнатып, жеке парақшасында ұтыс қорытындысын жариялады. 

“Кеше біраз жанның бір түнде миллионер болуына, кредит жабуына, көлік ұтуына себепші болдық. Алтын мен бриллиант, көйлектеріме дейін тараттым. “Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді” демекші, ұтпай қалған кісілер де бар. Өзге кісінің қуанышына ортақ болудың орнына “әділ емес” деп жатқандар да бар. 200 пайыз әділ өтті. 7 баласы бар мұқтаж жанға құны 50 миллион теңге тұратын Лексус көлігім бұйырды. Ұтпай қалған кісілерге айтарым, сіздер сусабын алдыңыздар! Тауар кері қайтарылмайды. Білесіздер, мен алдап қашып кететін адам емеспін. 2-3 күнде тауарды жеткіземіз”, – деді Гүлзира. 



Желі қолданушылары ұтыс шартының дұрыс түсіндірілмегеніне наразы болып, пікір қалдырды. 

“Басында төлем жасағандар ұтыссыз қалды”, “Эфирді 7 минут күттім”, “Ең қызығы, көлікті мүлдем тауар алмаған адам ұтты”, “Бес сағат телміріп отырып, түк ұтпадық”, “Көліктен бұрын бриллиант ұтқым келген”, “Ойын әділ болған жоқ”, “Соңғы сәтте ғана сатып алғандар ұтып кетті”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, продюсер ұлы Қайрат Нұртастың костюмін де ұтысқа тіккенін айтқан еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 15:11
Талқылау