Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құны 30 млн теңге: Түркістан облысында бақташы біреудің малын сатып жіберген

Түркістан облысында бақташы біреудің малын сатып жіберген. Сатылған малдың жалпы құны 30 млн теңге болады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құны 30 млн теңге: Түркістан облысында бақташы біреудің малын сатып жіберген

Полиция мәліметінше, Шардара АПБ-ге Жетісай ауданы тұрғындарының бірі арызданып келеді. Ол өз арызында, 2017 жылы Шардара ауданына қарасты құмдағы құдықта өздеріне тиесілі 600-ден астам бас ұсақ малын өзара келісім-шарт бойынша жылдық төлдің 50%-ын бағатын болып, Шардара ауданының тұрғынына сеніп тапсырғанын айтады. 2019 жылы 4 маусымда қойларын санауға келген кезінде бақташының әрқайсысы – 35 мың теңге болатын 617 бас саулық қойын, құны 60 мың теңге болатын – 15 бас қошқарын, құны 200 мың теңге болатын биылғы – 307 бас қозыларын және құны 400 мың теңге болатын 1 бас жылқысын ысырап етіп жібергенін көреді. 

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 30 миллион теңгеге жуық. Сондықтан арызданушы аудандық тәртіп сақшыларынан заңды шара қолданып, келтірілген шығынды өндіруге ықпал жасауды сұраған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында бақташы болып жұмыс істеген Шардара ауданының тұрғынын ұстады», - дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берген. Сараптамалар тағайындалды.

«Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде мал иелеріне қырағы болу және өз мүлкінің сақталуын қадағалау қажеттігін ескертеді. Үй малын жайылымдарда қараусыз қалдыруға болмайды, сондай-ақ оны танымайтын адамдарға бағуға сенім білдірмеуге болмайды. Мал ұстайтын шаруашылық шаруашылықтарды сенімді құлыптармен нығайту қажет, сондай-ақ малды сырғалап-таңбаларын орнату керек», - дейді полиция департаментіндегілер.

Талқылау