AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 мың теңге: Шығыс Қазақстанда вакцина паспортын сатқан бір топ адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында вакцина паспорттарын заңсыз дайындаумен және сатумен айналысқан бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Олардың екеуі – Өскемендегі емханалардың бірінде істейтін дәрігер, қалған үшеуі – делдал.

Жалған вакцина паспортын алу үшін адамдар делдалдарға 20 мың теңге мен жеке куәлігінің көшірмесін берген. Делдалдардың әрқайсысы өзіне 2-3 мың теңгені қалдырып, қалған ақшаны дәрігерлерге беріп отырған.

Қазір тергеу бұл схема қай уақыттан бері жұмыс істеп жатқанын және қанша адам жалған вакцина паспортын алғанын анықтап жатыр.

Медицина қызметкерлері тек 20 адамға ғана вакцина паспортын қолдан жасағанын мәлімдеді. Алайда тергеу органдары бұл сан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп санайды.

"Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында медицина қызметкерлері мен оларға көмектескен азаматтардың іс-әрекетіне тиісті процессуалды баға беріледі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, вакцина паспортын заңсыз жолмен алған барлық адам анықталып, олардан жауап алынып жатыр", – деді ШҚО полиция департаментінің бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша медициналық базаға енгізілген барлық жалған мәлімет жарамсыз деп танылатынын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр