Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны 1,6 миллиард теңге": Алматы облысында коммерциялық жылжымайтын мүлік жаппай сатылып жатыр

Алматы облысының Қарасай ауданында 2014-2018 жылдары салынған коммерциялық жылжымайтын мүлік сатылып жатыр. Ондағы 40-тан астам нысанның құны 200 миллион теңгеден жоғары. Сондай-ақ 310 миллион теңгеге дүкендер, 700 миллион теңгеге "еркін пайдалануға" берілген ғимараттар мен бағасы 1,6 миллиард теңгені құрайтын нысан сатылымға қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: krisha.kz

1,6 миллиард теңгені құрайтын нысан Алматы-Бішкек тас жолы мен Қаскелең көпірінің қиылысында, "Алтын-Орда" базарына жақын маңда орналасқан көкөніс қоймасы. Оның жалпы көлемі 5000 тоннаны құрайды. Сатушы саудаласуға дайын, тіпті бөліп төлеуді де қарастыруы мүмкін.

Фото: krisha.kz

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрына сәйкес, бұл жер телімі "DarRus Stock" компаниясының басқаруында. Компания 2015 жылы 18,3 миллион теңге салық төлеген. Содан бері олардың салық төлемдері 2 миллион теңгеден аспаған. Ал 2022 жылы салық көлемі 6,8 млн теңгеге дейін өскен. 

Фото: krisha.kz

Аталған компанияның құрылтайшысы Руслан Жұмағұлов осы жылдың жазында "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясына экономика және қаржы жөніндегі бас директор әрі басқарма мүшесі болып тағайындалды. Квазимемлекеттік компания "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниялар тобына кіреді.

Бұған дейін "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы және "Азия газ құбыры" компанияларында басшылық қызметтер атқарған. 
Оның – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Атырау мұнай және газ институты және М.С.Нарықбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінен үш дипломы бар.

"DarRus Stock" ЖШС-нен басқа Руслан Жұмағұлов "Emirates Kazakhstan Education Investment Group" ЖШС құрылтайшысы. 
Құрылтайшылар қатарына Абу-Дабиде тіркелген үш компания кіреді: Emirates Global Education Investment Group L.L.C, Mazrui International L.L.C, Sabis Holdings S.A. 2022 жылы олардың салық шегерімдері 22,9 миллион теңге болды. 

Айта кетейік, әкесі Бақытжан Жұмағұловты 2005 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Отан" партиясы төрағасының міндетін атқарушысы етіп тағайындады. Сол жылы ол президенттікке кандидат Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабын басқарды. 2007 жылы - "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары. 2008-2010 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, сосын 2013 жылға дейін Білім және ғылым министрі қызметін атқарған.

Талқылау