Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны – 1380 теңге": Сәкен Майғазиев ұлының тойының онлайн трансляциясын сатып жатыр

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көргісі келетіндерге үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзі уәде еткендей онлайн тойға тіркелуге болатын сілтемені жүктеді. 

"Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркеу басталды", – деп жазды Майғазиев.


  • "Мейрамхана 700-800 адамға арналған": Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде өткізбек

  • "Келін түсірмесек, істемейміз": Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындығын көрсетті


Одан кейін ұйымдастырушылар қандай арнаға тіркелу керегін егжей-тегжейлі түсіндірді. 

“Майғазиевтер отбасында үлкен қуаныш. Әділет пен Әдияның үйлену тойының онлайн трансляциясы. Біз жабық Telegram арнасын аштық. Ол жерде тойдағы ең қызық әрі жарқын сәттерді тамашалауға болады. Осы ерекше күнді бізбен бірге атап өтетініңізге қуаныштымыз”, – деп жазды той ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, онлайн тойдың бағасы да жарияланған. Қалтаңызда 1380 теңге болса тойға қатыса аласыз.

Еске салайық, Сәкен Майғазиевтің келіні кілемде отырып ұзатылып, қызу талқыға түскен еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 09:37
Талқылау