Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құны 1,3 миллиард теңге: Алматы облысында заңсыз әкелінген 2 миллионнан аса темекі қорабы тәркіленді

Қаржылық мониторинг агенттігі акциздік төлемсіз астыртын әкелінген темекі сақталған қойманы анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

темекі

Агенттік мәліметінше қоймада заңсыз сатуға арналған 2 миллионнан аса шетелдік темекі қорабы сақталған. 

“Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 миллиард теңгені, ал төленбеген акциз сомасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.

Өзге ақпарат Қылсмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Талқылау