Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қара қыз болғым келетін": Динара Сұлтан бала күнгі қылығы туралы

Динара Сұлтан бала күнгі қылығы туралы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құмырсқа, құмырсқа: Динара Сұлтан бала күніндегі қылығы туралыБелгіл әнші соңғы кездері күнге күйе алмай жүргенін айтты. Қарайғысы келетін Динара Сұлтан денем күннің ыстығын сағаттап жатсам да қабылдамайтын болыпты деп өкініш білдірген.

"Ауылда бұрын жазғы демалыста үш күннің ішінде қап-қарашка боп шығатынбыз. Соңғы кезде сағаттап жатсаң да, загар деген жабыспайды", - дейді Динара Сұлтан.

Ол студент шағында қарайу үшін қандай әрекет жасағанын айтып күлдірген. Сұлулық үшін барын салған өнер иесі күннің астында жатып, күйудің амалын жасағанын жасырмады. Осылайша, Динара Сұлтан жазғы демалыста бірнеше күнде-ақ күн күйдіріп, қарайған кездерін айтты.

"Студент кезімде анама барған сайын, ауылда аулада көрпе жайып алам да, күннің шыжып тұрған уақытында мамам айтқандай "құмырсқа, құмырсқа" боп жатып алатын едім. Қара қыз болғым келгені ғой. Сұлулық тәуекелді талап етеді", - дейді Динара Сұлтан. 

Талқылау