Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құмар ойынға құныққан жамбылдық тұрғын ауылдастарының 19 бас малын ұрлаған

Жамбыл облысында құмар ойынға құныққан азамат ауылдастарының 19 бас малын ойынға салып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: bigbookname.com

Барымта жасаған 35 жастағы тұрғын әуелде жайылымда жүрген алты бас ірі қараны қолды қылған. Араға 10 күн салып тағы 13 жылқы ұрлаған.

Арасында бәйге, көкпарға қосып жүрген асыл тұқымдылары бар. Олардың әрқайсысының  құны 2,5 миллион теңгеден асады.

 Ер адам түнделетіп Меркі ауданындағы базарға бара жатқан жерінен ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындап, ауылдастарының 10 миллион 400 мың теңгесін толық өтеп берген.

Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
 

Талқылау