Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құлпырып бара жатыр": Тележүргізуші Динара Сәтжан 41 жасқа толды

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанды жақындары мен әріптестері 41 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/dinarasatzhan

Динара Сәтжанның жақындары мен әріптестері туған күн иесіне тосынсый жасап, оны тәтті тортпен және сыйлықтармен қарсы алды. 

“Қырық жасқа дейін біз тәжірибе, білім, даналық пен дос жинаймыз. Кейін жинаған еңбегіміздің жемісін жейміз. Сонда да өзімізді 25 жастағыдай сезінеміз. Бірақ өмірдің керемет әрі жарқын екенін түсінеміз. Қолымдағы барыма Аллаға мың да бір шүкір деймін. Өмірден рахат аламын. Құттықтауларыңызға рахмет”, – деп жазба жариялады Динара Сәтжан.

Желі қолданушылары Динара Сәтжанды туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

“Туған күніңізбен, Динара! Армандарыңыз орындалсын”, “Туған күніңізбен, сұлу, қайталанбас тұлға”, “Жеке мерекеңіз құтты болсын! Сіз көп әйелге үлгі болар жансыз”, “Құтты болсы! Бес елі бақ тағыңыздан таймасын”, “Сізді жақсы көремін, жарқыраңыз”, “Жап-жас болып жүре беріңіз”, “Жастардың жанында құлпырып бара жатыр”, – деп тамсана жазды желідегілер.

Талқылау