Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құлмын ба? Сөйлемейтін малмын ба?": Ақтөбеде атақты университетте дау шықты

Ақтөбедегі атақты оқу орнында дау шықты. Мемлекеттік университет ректоры лауазымына үміткерлердің бірі директорлар кеңесін сотқа берді. Тарих ғылымдарының докторы оқу орны басшысының бос орнына конкурс өрескел бұзушылықтармен өтіп жатқанына сенімді. Ол, тіпті, бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке де айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Ақтөбе мемлекеттік университеті директорлар кеңесінің бізге, өтініш берушілерге деген құрметсіздігі мен менсінбеуіне назар аударыңыз. Олар бізді кім деп ойлайды?! Мен құлмын ба? Сөйлемейтін малмын ба? Мен директорлар кеңесінің құрамына сенімсіздік білдіремін", - деді тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағанбетов.

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының орнына конкурстың бірінші кезеңі 2 қарашада өтті. Барлығы 11 үміткер өтініш білдірді. Олардың арасында тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағанбетов те бар, ол алғашқы үштікке ене алмаған. Алайда бұл профессордың алғашқы сәтсіз әрекеті емес. Бірақ бұл жолы ғылым докторын өзі танымайтын жас магистранттың алдын орап кеткені ашуландырды. Оның үстіне директорлар кеңесі кандидаттарды қандай параметрлер бойынша таңдағанын түсіндірмеген.

 Бірінші кезеңде оларды директорлар кеңесінің алты мүшесі жасырын дауыс беру арқылы таңдайды.  Бірақ соңғы таңдауды білім министрлігі жасайды. Сондықтан ренжіген профессорға жеңілісін мойындауға кеңес берді.

"Кандидаттың жұмыс тәжірибесі мол, ғылыми дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Бірақ біз ең алдымен оның бағдарламасына қараймыз. Оның болашақ ректор ретінде алдына қандай мақсаттар қоятынына қараймыз. Ол университетті басқаруға қаншалықты дайын екенін қараймыз", - деді Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ директорлар кеңесінің мүшесі Бұлбұл Күзембаева.

Талқылау