Құлыбаевтың орнына "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрағасы сайланды
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде төралқа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін съезд делегаттары "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасының қызметіне Райымбек Баталовты сайлады.
Айта кетері, осы съездің алдында Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Баталов төралқа төрағасының міндетін атқарушы ретінде бекітілген болатын.
Райымбек Баталов – Raimbek Agro, "Раимбек-Алко", "Раимбек групп плюс", City Fair Trade ltd, Raimbek-Grain&Co, Raimbek ILM компаниялары кіретін Raimbek Group холдингінің иесі және директорлар кеңесінің төрағасы.
Сондай-ақ "Атамекен" ҰКП төралқасының шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы, "Қазақстан кәсіпкерлері форумы" қауымдастығы кеңесінің төрағасы, ҚР су асты спорты федерациясының төрағасы, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Баталов Forbes ақпараты бойынша Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендерінің қатарында.
Айта кетсек, 17 қаңтарда танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеген болатын.