Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың қызы мемлекетке тағы бір институтты қайтарды

Динара Құлыбаева мен оның күйеуі, олигарх Тимур Құлыбаевтың отбасы Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) бақылауды тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Оlympic.kz ТЖД

Бұл туралы Қаржы министрлігінің қаржы есептілігі депозитарийінен үзінді көшірмеде көрсетілген.

"Акционерлердің құрамы туралы және эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлердің құрамында өзгеріс бар. "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" ЖШС”, – делінген хабарламада. 

Құжатқа сәйкес, өзгеріс 27 ақпанда болған.



Бұған дейін Алматыда ҚБТУ-дың иесі Динара Құлыбаева негізін қалаған "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры" болған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Қазақстан-британ техникалық университетінде өрт шығып, Төле би көшесі жартылай жабылғаны туралы хабарлаған едік. 

Бұған дейін Құлыбаевтың тағы бір компаниясы сотта жеңіліп, Алматыдағы ҚазҰУ жерін өзінде қалдыра алмады.

Талқылау