Құлдыққа түспес үшін не істеу керек: Министрлік адам саудасынан сақтану жолдарын айтты
ҚР Ішкі істер министрлігі адам саудасынан сақтану жолдарын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік адам саудасының шаралар талап ететін халықаралық мәселе екенін алға тартты. Осы мақсатта елімізде заңнамалық, алдын алу және практикалық шараларды қамтитын тиімді жұмыс тетігі құрылғанын жеткізді.
Министрлі сақтық бойынша мынадай бірнеше кеңестерімен бөлісті:
- оңай ақша табу үшін күмәнді ұсыныстарға ермеңіз;
- жеке басын куәландыратын құжатты ешкімге көрсетпеңіз, бермеңіз;
- басқа қалада немесе елде жүрсеңіз байланыс номеріңіз бен мекенжайыңызды міндетті түрде туыстарыңыз бен достарыңызға жіберіңіз.
"Егер кімде-кім осындай жағдайға тап болса, дереу жақын жердегі полиция бөлімшесіне 102 немесе 116 16 сенім телефондарына хабарласыңыз. Сондай-ақ, әр өңірде үкіметтік емес ұйымдар полициямен бірлесе жұмыс істейтінін және көмек көрсетуге дайын екенін ұмытпаңыз", - деді министрлік.
Талқылау