"Құлақты тазалап тыңдаңдар!": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың өнеріне күмән келтіргендерге жауап берді
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың тек жанды дауыста ғана ән салатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/photos245830664
Алдымен медиа менеджер ұлының жанкүйерлері көп шоғырланған Шымкент халқына алғыс білдірді.
“Шымқаламда ұлым Қайраттың қатысуымен ән кеші бәріңізге ұнаған сияқты. Ең үлкен бақыттың бірі – рухани байлық, халықтың қошеметі мен махаббаты. Бұл көрініске еш уақытта көзім тоймайтын шығар. Алланың берген бағымен ешкімнің таласы болмасын дегендей, осы бақты көтеріп жүру – парыз. Аналық жүрегіммен айтар алғысым шексіз және ризамын!”, – деп жазды продюсер.
-
"Қолдан нан жауып, ет сүрлеуді үйретемін": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қоятын талабын айтты
-
"Ата-енені сыйлап жүр": Қайрат Нұртастың әкесі келініне су жаңа көлік мінгізді
Одан кейін мегажұлдыздың тек жанды дауыста ғана ән салатынын айтып, мақтанып алды.
“Уайымсыз болыңыз! Қайрат жанды дауыста айтып жүр. Сторисымды да, постымды да дұрыстап көзіңізді ашып, құлағыңызды тазалап тыңдап көріңіз. Той болсын, концерт болсын тек жанды дауыста айтып жүр. Ол баяғы елдің жаттанды әңгімесі ғой қалыптасып қалған. Музыкадан хабары жоқ, не айтса да фонограмма деп ойлап, өсекке жатып алған. Құлақты түріп тыңдап көріңіз, не жанына барып микрофонды қолынан алып қосылып айтып көріңіз. Сол кезде бұл сөзге қайта оралмайсыз”, – деп жауап қатты Гүлзира Үсенқызы.
Еске салайық, "Қайраттың еңбегімен келген дүние" деп Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне қатысты пікір білдірген еді.