Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құлағалы тұр": Алғабастықтар үй қабырғасы 15 сантиметрге дейін қисайып кеткенін айтып, дабыл қақты

Алматының Алғабас ықшам ауданында тағы да шу шықты. Бұл жолы да Есімов әкім болып тұрған кезде салынған үйдің тұрғындары «үйіміз қисайып, құлағалы тұр» деп дабыл қағып жатыр, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтарына сілтеме жасап.

алғабас

"Үйді алғанымызда қуанып едік. 2014 жылы сәуірде кіргенбіз. Бірақ әлі күнге дейін жөндеу жұмыстарын жасай алмай жатырмын. Өйткені әр жері сынып жатыр, есіктері де қисық жасалған", – дейді тұрғын Шолпан Бақытжанқызы.

Зәресі ұшқан зейнеткерде ұйқы жоқ. Себебі түні-бойы қабырғалар сықырлайды дейді. Оған қоса кейбір бөлмелерде үңірейген саңылау пайда болыпты. Көпқабатты үйдің өзге тұрғындары да өз шағымдарын айтуда. 

Алайда, Алматы қаласының әкімдігі ешқандай қауіп жоқ деп қайырды. Айтуларынша, үйдің сыртындағы әрлеу ғана бүлінген. Енді оны мердігер компания жақын арада жөндеп бермек. 

Тура осы Алғабас-6 ықшамауданында үш жыл бұрын қатарынан бірнеше үй қисайып іргетасын күшейткен соң ғана қалпына келген. 
 

Талқылау