Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болмановтың “Бал-бала” ойыншықтары Қытайда сатылатын болды (видео)

Танымал продюсер әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов “Бал-бала” ойыншықтарының енді Қытай дүкендерінде сатылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Kydyrali-Karakat-280217

Продюсердің айтуыншы, ойыншықтардың Қытайда таралуына сол жақтағы қазақтар ұйытқы болып отыр.

“Қытайдан келген бауыр-қарындасарымыз сол жақта 20-дан астам сауда дүкендерін ашпақшы. Қытайдағы 2 миллионға жуық қазақтар ерекше бағалайды екен. Сұраныстары өте жақсы дейді. Әсіресе сапасына, қауіпсіздігіне ерекше көңіл аударылады екен, заңдары да зиянды ойыншықтарға қатайып жатыр екен. Біздің ел де ойыншық қауіпсіздігіне, ойыншықтың бала психологиясына әсерін екшеу жұмыстары қашан басталады екен деген сұрақтың ауада ілініп тұрғанына тәуелсіздігіміз 25-ке толғандай 25 жыл болды. Тәуелсіздігіміздің тұғырының берік болуы да да ұрпақ санасына, ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. 26-шы жылы Алла жар болып, осы өте маңызды сұрақтар шешіле бастаса екен”, – дейді Болманов.

Желі қолданушылары әдеттегідей отандық брендтің бағасының тым қымбат екенін айтып шағымданды. Қолжетімді болса біз де алар едік дейді олар.

“Нағыз бренд шығаратын азаматсыз, қуаныштымын, ұялмай көрсетуге болатын дүниелерді көре берейік”, “Сәттілік сізге, бірақ бағасы қолжетімді болса жақсы болар еді”, “Аға, ойыншық, қуыршақтарыңыздың бағасы шарықтап тұр. Ішінде бір-ақ әннен, қазақтың әндерін аядыңыз ба? Сапасы жоғары болғанымен, ішінде балапандарға үйрететін әндер жоқ”, “Құтты болсын, Қытайға бізді танытқан Димаш бауырымызға рахмет, сіздің де ойыншықтарыңыз сол жаққа жол тартқалы тұр”, “Ойыншықтарыңызға сөз жоқ, бірақ бағасы қымбат, біз сияқты көпбалалы аналарға ол арман”, – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина Димашты уақытында бағаламағандарды сынап тастады

“Димаш” есімі брендке айналатын болды

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы бар шындықтың бетін ашты (фото)

Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Талқылау