Қыдырәлі Болманов: Сұхбатты жазған орыс тілді бейтаныс журналист. Алла кешірсін
Қыдырәлі Болманов жұртты шулатқан сұхбатқа қатысты пікір білдірді.
Фото: instagram.com/kydyrali_bolman/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше отандық басылымдардың бірі Қыдырәлі Болмановтан тоқал тақырыбына қатысты алған сұхбатты жариялады. Аталған сұхбатта продюсердің көтерілісті болдырмау үшін жұрттың назарын тоқал алу мәселесіне аудартпақ болғаны туралы жазылады. Алайда Болмановтың өзі кей сөзінің бұрмаланғанын айтып отыр.
“Ассалаумғалейкүм, Қазақ Елі! Қасиетті жұмадағы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Мейірімді Алла Елімізге тыныштық беріп,Тәуелсіздігімізге жар болсын! Әр отбасына бақыт, береке нәсіп етсін! Басқа тілді баспалар не жазса да, ақ-қарасын ажыратып алмай, ғайбат сөздер құрастырып,, ғайбат дүниені бірінен бірі іліп алып жағастырып, орыс тілді жазбаның қате кеткен сөздерінен тақырып жасап, өсек-аяңмен ұштастырып,
адамның ойына келмейтін сөздерді теріп, әлеуметтік желіде жанталасып, ғайбат пікір қосып жатқан бауыр-қарындастарымның барлығы – өзімнің Қазағым… Жазған – орыс тілді бейтаныс журналист… Алла кешірсін! Жүректеріңе ізгілік, білімдеріңе парасат, өз бауырыңа жылылық, ақ пен қараны ажыратар сана, бастарыңа бақыт нәсіп етсін! Барлығын білуші де, көруші де, беруші де бір Алла!” – дейді Қыдырәлі Болманов.
Асхат Садырбай, Айгүл Елшібаева сынды танымалдар продюсерді жақтап сөйледі. Орыс тілді журналист сұхбатты қате жазған немесе қазақ тілді басылымдар аударманы дұрыс жасамаған деп болжады. Кейінгісінің сөзін Қыдырәлі Болманов қоштап отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Желіде Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігітінің суреттері пайда болды
Қайрат Нұртас: 18 жасымда болған махаббат қайта келмейтін шығар
Әнші Гауһар Әлімбекова тұрмыс құрды
Индира Расылхан аты дүркіреп тұрған кезінде көкөніс сатқанын айтып көзіне жас алды