Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: 18 жасымда болған махаббат қайта келмейтін шығар

Әнші Қайрат Нұртас жеке өмірін барша қазақстандықтардан құпия ұстайды. Оның сүйіктісінің не бар, не жоғы әлі күнге дейін белгісіз. Десе де желіде әншінің отбасылық суреттері тарап кеткен. Елдің айтуынша, Қайраттың жұбайы және төрт бірдей перзенті бар.

1437934484gtkwz

Өз сөзінде әнші құпиясын жаңа түсіретін фильмінде ашатынын айтқан болатын. Ал тыңдармандардың сол күнді күткеннен басқа амалы жоқ. Айтпақшы жуырда ғана өзінің концертінің билетін өзі сатқан әнші «Хабар» арнасына сұхбат беріп, 18 жасында үлкен махаббатты бастан өткергенін айтты.

«Махаббат менде 18 жасымда болды. Енді болмайтын шығар», – деп ағынан жарылды Қайрат Нұртас.

Айта кететіні, дәл осы шақта әншінің алғашқы «Арман» атты бейнебаяны жарық көрген болатын. Жұрт Қайраттың жұбайы деп санайтын Жұлдыз есімді ару да аталмыш бейнеклипте бой көрсеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың оқушы кезін көрген тыңдармандары оны танымай қалды

RinGo әншісі: Жұбайым маған тұрмысқа шығар кезде ислам дінін қабылдады

БАҚ-қа шолу: Қыдырәлі Қарақаттан тоқал алып беретіндігін жазуды өзі сұрағанын ашып айтты

Бейбіт Қорған көзі тірі кезінде анасын ренжіткеніне өкініп жүр (видео)

Талқылау