Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов карикатура жайында: Сіздің ата-анаңызды солай салып қойса қайтер едіңіз?

Қазақстандық әнші және продюсер Қыдырәлі Болманов Мұрат Ділмановтың карикатурасы неге ұнамай қалғандығын түсіндірді.

1389768287

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Танымал продюсер және әнші Қыдырәлі Болмановтың пікірінше, карикатурашы Мұрат Ділмановтың салған суреті орынсыз болған. Sputnik Қазақстан танымал продюсерге хабарласып, бұл карикатураға неге көңіл аударғанын сұрап білді.

— Ділмановтың суретін қашан, қайдан көрдіңіз?

— Мен өте жұмысбасты адаммын, әлеуметтік желіге кіруге уақытым жоқ. Шоу-бизнесте көптеген жобаларым бар, өзім шығарған брендтерді насихаттаймын. Брендтер шығарып, оларды өзіміз дамытамыз – мәселен, “Ұлытау” бренді, “Бал бала” бренді, “Қарақат мектеп студиясы” бренді. Ғалымдармен бірге ғылым негізінде оқу-әдістемелік кешендер құрастырамыз, қазақ тілінде сөйлеп, ән айтатын интерактивті ойыншықтар жасаймыз. Диссертациямның тақырыбы “Бал бала” оқу-әдістемелік кешені арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасында этникалық сана-сезім элементтерін қалыптастыру”. Қазақстанда алғаш рет баланың ой-өрісін дамытатын ойыншықтар шығарып жатырмыз және оны ғылыммен байланыстырып отырмыз. Және, Құдайға шүкір, бала-шағам көп. Оларға күнделікті уақытымды бөлемін, себебі тәрбиенің аты тәрбие. Міне, күнделікті өмірім осылай өтеді. Осының бәріне үлгеру үшін күні-түні жанталасуға тиіссің. Эфирлер, концерттер, қойылымдар мен сапарлар былай тұрсын, графигім өте тығыз. Мен адамдарға, балаларға пайдасы зор маңызды жобалармен айналысамын. Біздің мақсатымыз – балалар бақшасын ғылымға негізделген оқыту әдістерімен қамтамасыз ету. Маңызды жайттардың көптігі сонша, кімнің не жазып, не салып жатқандығына қарайтын уақыт жоқ.

— Дегенмен Мұрат Ділмановтың суретіне назар аудардыңыз ғой?

— Достарым өте көп. Солар жіберіп жатады: “Бұл қандай сурет?” “Қарашы!” деп. Әлбетте, маған бұл ұнамады. Алғаш рет көргенде жағымсыз әсер етті. Бірақ сол кезде “неше түрлі карикатурашы бар ғой” деп ойлап, онша назар аудармаған едім. Келесі жолы басқа бір сурет шыққанда – өте жаман әсер етті. Себебі отбасымның абыройына нұқсан келтірілді.

Балаларым ер жетіп, есейіп келеді. Өзіңіздің ата-анаңызды солай салып қойса қайтер едіңіз? Ашуыңызға келер еді ғой, иә? Қызметкерлерім маған былай деді: “Қазір бірнәрсе жазып, көңіл аудармасақ, бұл адам бүтін бір сериал салмақшы ғой”.  Мен “Тауып, сөйлесіңдер. Бұл адамға не керектігін білейік. Сөйлесіп көрейік” дедім. Алайда бастапқыда кездесуге мүмкіндік болмады. Кейін ашуым басылып, бұл жайтты ұмыта бастадым. Оның үстіне, Ділмановтың өзі айтты ғой, суреттегі мен емес. Содан кейін кездесуге себеп қалмады. Бұл дауда біреуге бірдеңе дәлелдеуге ниетім жоқ. Онымен мамандар айналыссын. Тілшілер арыздың “құны” қанша деп сұрап жатады. Мен ақша көздеп отырған жоқпын. Ер-азаматтың абыройы бәрінен қымбат. Оған дүниенің бар байлығы тең келмейді.

— Бірақ танымал адамдардың соттасуы жұрттың назарын аудармай ма? — Бірде-бір сұхбатымда соттасамын деп айтқан жоқпын. Түсінесіз бе?

— Яғни, сіз емес, заңгеріңіз солай деді ме?

— Заңгерім – өз ісінің маманы. Бұл оның қызметі. Бухгалтер есеппен айналысады, шопыр көлік жүргізеді. Ал бұл заңгердің жұмысы.

— Демек, сіздің айтайын дегеніңіз, бұл мәселені заңгеріңіз өз бастамасымен қолға алып отыр ғой? 

— Мен жалғыз жұмыс істемеймін. Қызметкерлерім мен сенімді адамдарым бар. Бәріміз бірігіп, бұл суретшінің әрекеті орынсыз болғандығын түсіндірейік деп шештік.

— Яғни, бұл іспен өзіңіз айналыспайсыз ба?

— Сізге жұмысбасты екенімді айттым. Сол себепті бар шаруамды тастап, түкке тұрғысыз мәселемен айналысар жайым жоқ. Болашағы жоқ іспен айналыспаймын. Тілшілер күн сайын хабарласып, заңгерімді баспасөз хатшысына айналдырып жіберді. Бұл мәселе жұртқа не үшін қызық, түсінбеймін.

Себебі сіз танымал тұлғасыз, Ділманов та танымал карикатурашы.

— Онда тұрған не бар? Мұның жұртқа керегі не? Жалпы бұл карикатураның не қажеті бар?

Демек, соттың қатысынсыз сараптама жасатып, нәтижесін суретшіге көрсетіп, жариялы түрде кешірім сұрауын өтінесіз бе?

— Әрине. Соттасып, араздасқым келмейді. Ондай мүддеміз жоқ. Ақша да көздеп отырған жоқпыз. Мені қалай салса да, өзі білсін. Бірақ отбасымды салуға ешкімнің хақы жоқ. Кез келген ер адам мені түсінеді деп ойлаймын. Бұған ешкімнің моралдік, адами құқығы жоқ. Ол да біреудің ұлы немесе әкесі шығар. Балаларым ер жетіп келеді, олар да көріп, оқып біле алады. Тағы да қайталап айтайын, мен үшін ар-намысым дүниенің бар байлығынан қымбат, әсіресе, мәселе отбасыма қатысты болғанда.

Жіберіп алмаңыз:

Аяғы ауыр Қарақат әлемдегі ең биік ғимараттың 150-қабатына шығып алды

Димаш сайыстың екінші кезеңінде орындайтын әннің видеосы пайда болды (видео)

Танымал тележүргізуші Жанболат пен Жазираны өз әке-шешесіне ұқсатты (фото)

Қуандық Рахым: Болашақ жарымның анам сияқты ұстаз болғанын қалаймын

 

Талқылау