Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш сайыстың екінші кезеңінде орындайтын әннің видеосы пайда болды (видео)

Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы бас-аяғы 14 кезеңнен тұрады. Әр сайыс күні аяқталған сайын жеңімпазға кубок табысталады. Ал олардың ең көбін иеленген әнші жоба жеңімпазы атанады. Біздің Димаш осы 14 кубоктің алғашқысын иеленді. Енді қазақстандықтар Құдайбергеновтің екінші рет сахнаға шығатын күнін тағатсыздана күтуде. Ол күн де алыс емес.

димаш операны айтады

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, Қытай телеарнасы тікелей эфирге дейін де толық циклді дайындық жүргізіп, оны таспаға түсіреді екен.

“Келесі сайысқа дайындық. Қытай телеарнасы әрбір концерттік шараны немесе сайысты түсірмес бұрын бірнеше рет толық циклмен дайындық жасайды екен – жарық қоюшылар, операторлар, дыбыс режиссерлері, оркестр мүшелері, әртістер, әкімгерлер т.б. әбден нақышына келгенше жұмыс жасайды! Үлкен еңбек. Шаршадым деген бір адам көрмедік”, – деп жазады ол.

Ал желіде дайындық барысында Димаштың ән орындаған видеосы пайда болды. Бұл кезеңде жерлесіміз ресейлік әнші Витастың “Опера 2” туындысын орындайтын болады.

Айта кетейік, ертең, яғни 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен сағат 22:05-те бүкіл әлем жанкүйерлері Димаш пен оның қарсыластарының өнерін тамашалай алады. Тыңдармандар тікелей эфирді Hunan tv арнасынан онлайн режімде көре алады.

Жіберіп алмаңыз:

Бала Димаш қандай болды: Димаш өмірге келерде әжесіне аян берілген (фото)

Қазақстандық ақын Димаш Құдайбергеновке өлең арнады (фото)

Әли Оқапов өзінің әнін рұқсатсыз орындаған әншіні кешіре салды

Желідегілер суретте омырауы көрініп қалған Айсәуле Бақытбекті сынады (фото)

 

Талқылау