Қыдырәлі Болманов Астананың қақ ортасына киіз үй пішіндес батут қойды (видео)
Бірнеше күн бұрын продюсер әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов әлемде баламасы жоқ этно-орталық ашып жатқанын хабарлаған еді. Енді Болманов жаңа бастамасын балаларды қорғау күні ел назарына ұсынды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ол елордадағы Жерұйық алаңына киіз үй пішіндес батут орнатқан Болманов мұнда этно-тир болатынын да айтқан еді. Балалар орнатылған әртүрлі ойын тирларына тигізген кезде, “Балбала” ойыншықтары қазақша ән салады екен.
Этно-орталықтың ашылуына халық көп жиналды. Айтпақшы балалар мерекесіне үлгеру үшін Болманов соңғы күндері жұмыс алаңында түнегенін айтты.
«Халықаралық балалар қорғау күні мерекесі құтты болсын! Алла бере салғандарымыз бақытты да иманды, ата-аналарының қуанышына өссін! Алланың сүйікті құлдары болуды нәсіп еткей! «Балбала Әлемінің» ашылуына келген қонақтарымыздың көп болғаны көңілімізді қуантқаныменен, көптеген кішкентай бүлдіршіндерді басып кете ме екен деп қорыққанымды жасырмаймын. Бір-екі баланы топтың ортасына өзім кіріп, аяқ астынан алып шығуыма тура келді. Әйтеуір аман есенбіз. Аллаға сансыз
мадақ! Ашылдық-ау.. Алла берекесін берсін! Ораза қабыл болсын! Ниет қабыл болсын! Соңғы күндері осында түнеп, сәресімізді осында ішіп, ұйқымызды жоғалтып, ойым оңға, санам саққа бөлініп тұрғаны көрініп-ақ тұр. Кешірім!» – дейді Қыдырәлі Болманов.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова келіні туралы бар шындықты айтып берді
Жас жұлдыздар балалар мерекесін қалай атап өтетіндерін айтты (фото)
Сиви Махмұди алғаш рет күйеуін бейнебаянға түсірді (видео)
Төреғали сал ауруына шалдыққан 6 жасар бүлдіршіннің арманын орындады