Қыдырәлі әр баласын құшақтаған сайын Қарақатқа ессіз ғашық болатынын айтты
Қыдырәлі Болманов өзіне асықтай 4 ұлдан кейін қыз сыйлаған жары Қарақатқа алғыс айтып, көпшіліктің алдында тағы да бір рет оған деген сезімін білдірді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Алла бере салғанымызды аман-есен үйге алып келдік! Әр бөпеміз дүниеге келген сайын үмітпен “жаны аман қалса екен” деген тілекпенен періште сәбиіңді асыға күтесің. 9 ай көтеріп, әр сәбиді өмір мен өлімнің арасында дүниеге әкелетін әрбір анаға тоқтай қалып, басыңды игің келеді! Қақатымның жанын аман-есен қалдырып, отбасымызды бақытқа бөлеген, жүрегімізді қуанышқа кернеткен Аллаға сансыз мадақ! Әр сәбиді дүниеге әкелген сайын жүзі нұрлана түсетін асыл жарыма шексіз рахмет айта отырып, әр сәбиімді құшақтатқан сайын өзіңе қайтадан “ессіз” ғашық болатынымды “сыпайылап, сыбырлап, қуанышты да салтанатты” түрде жеткізгім келеді.
Сүйем сүйгенді.
Сүйіп туғанды.
Шапан кигенді.
Жөргек жуғанды!
Сүйем сүйгенді.
Шашын түйгенді.
Шолпы таққанды.
Қамзол кигенді!» – деп жазды Болманов.
Болмановтың ақжарма тілегі мен жары туралы жүрекжарды лебізі желі оқырмандарын тебірентіп жіберді. Әсіресе, нәзік жандылар қауымы әнші Қарақатқа қызыға да қызғана қарайтындарын айтты.
Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина 14-мамырдан 15-мамырға қараған түні қыз босанды. Әнші көптен күткен арманына қол жеткізді. Ал әріптестері қызды болған Қарақатқа тосынсый жасады. Кеше 5 баланың анасы атанған Қарақатты перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналды.
Жіберіп алмаңыз:
Дана Нұржігіт: Димаштың өнерінен кейін көп әртістер ойланып қалды
Жүнісова күзетшілерді тексеру үшін, үйіне шабуыл жасалды деп қоңырау шалған
Өлім аузынан қалған Баян Есентаева енді өмірін сақтандырмақ
Бала күнінде көз жанарынан жартылай айырылған Серікбол жан жарасы туралы айтты