AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Құдайдың алдында ғана иілу керек”: Әсел Асқар сәлем салу дәстүріне қарсы шықты

Әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар қазақтың сәлем салу дәстүріне қарсы шықты. Блогер адам баласы тек құдайдың ғана алдынды иілу керек деп санайды. 

Әсел Асқар әже тәрбиесімен өссе де, қазақтың сәлем салу дәстүрін еш түсіне алмайтынын жеткізді. Айтуынша, адам баласы тек құдайдың, одан кейін өз ата-анасының алдында ғана иілуі керек. 

“Мен әжемнің қасында өскен қызбын. Әже тәрбиесін, қазақтың салт-дәстүрін ұғынып өстім. Бірақ мен ешқашан да сәлем салу дегенді түсінбеймін. Қалайша бір көрген адамның алдында басыңды июге болады? Ата-енеге деген құрметті басқаша да жеткізуге болады. Бірақ бұлай емес. Құдайдың алдында ғана иілу керек. Одан кейін сені бағып-қағып, жеткізген ата-анаңа иіл”, – деді ол. 

Айтуынша, кейбір келінде ата-енесіне сәлем салып, иіліп, сыртқа шыға бере жамандап отырады. Сыртынан жек көреді. Бұл екіжүзділік. 

“Кей келіндер ата-енесінің көзінше күліп, сәлем салады да, былай шыға бере жақтырмайтын кейіп танытады. Өз еркімен емес, амалдың жоқтығынан сәлем салып жүр. Бұл екіжүзділік. Мен ешқашан бұл дәстүрді түсіне алмай кететін шығармын”, – деді блогер қыз. 

Желідегі оқырмандары оның сөзіне қарсы шықты. Мұны қазақтың дәстүрі, үлкеннің батасын алу деп бағалады. Енді бірі актрисаның сөзін қостады. 

“Бұл ежелден келе жатқан дәстүр”, “Ата-анаға деген құрмет қой, ата-енеге де ата-ана секілді қарау керек, сіздің өз түсінігіңіз біртүрлі”, “Мен сәлем саламын, солайша күнде бата аламын, бұл батасын алу деген сөз”, “Біз жақта сәлем салу деген атымен жоқ”, “Мен де түсіне алмаймын”, “Сәлем салып бата алса болды бәрі жақсы болады деген кепіл жоқ”, “Алланың алдында ғана иілу керек”, – деп жазды олар. 

Сәлем салу – келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бастап сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: “Бақытты бол, балам!” - деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Әр өңірдің сәлем салуы әртүрлі болып келеді. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр