"Құда болмаған қай ұлт қалды": Желіде Кореядан келген құдалар ел талқысына түсті
Әлеуметтік желі қолданушылары Оңтүстік Кореядан келген құдаларды қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Балауса есімді TikTok қолданушысы тойдың видеосын салып, жаңа құдаларды көрсетті.
“Кореялықтармен құда болып жатырмыз. Жумонг ханзаданың ұрпақтары”, – деп жазды автор.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, мейрамханаға билеп кірген кәрістердің іс-әрекетін талқылап жатыр.
“Тойдың ортасында жігіттің бұрынғы қызы кіріп келіп, дорама болып кетпесін”, “Құда болмаған қай ұлт қалды?!”, “Біздің тойларымызды әбден зерттеген сияқты”, “Олардың тойы жарты сағатта бітеді, біздің 5-6 сағатымызды көріп, таңғалған шығар”, “500 адамды көріп, шошып қалды-ау”, – деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, кәріс ұлтына тұрмысқа шыққан атыраулық қыз не үшін қазақ жігіттерінен бас тартқанын айтқан еді.
@balausa_4566 ♬ оригинальный звук - balausa
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн