Құбырларды жылытпақ болған: Талғарда көше бойында көлік дөңгелектерін өртегендердің әрекеті тексеріледі
Алматы облысы Талғар ауданында құбырларды жылыту үшін көліктердің резеңке дөңгелектерін өртеу фактісі бойынша ресми тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Алматы облысы экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ-тарда 4 қаңтар күні Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінде коммуналдық қызметтің қатып қалған су құбырларын жылыту үшін автокөлік дөңгелегін өртегені туралы ақпарат тараған еді. Бұл оқиға жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызып, азаматтар әлеуметтік желіде ауылды түтін алып кеткенін хабарлаған.
"Осыған байланысты "Талғар су" мекемесінің қызметкерлері оқиға орнына бірден барып, резеңке дөңгелекті өртеуді тоқтатты, олардан өрт салдарын жою талап етілді", - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар Алматы облысының экология департаменті бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ресми тексеру ресми тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдауға ниетті. Ол үшін видео авторы департаментке ресми арыз жазуы керек.
Ведомствода тексеру қорытындысы туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
